Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МЖҒФ: МЖҒФ Құттықтайды !!!

16 қазан күні Қазақстанның жоғарғы оқу орындар өкілдерінің қатысуымен Sustainability Living Lab (SLL) Бағдарламасының Конференциясы өткізіледі. Бұл ба әрі қарай оқу

22 қазан 2021
АФ: National Conservation Initiative

Шеврон Мұнайгаз  компаниясы демеушілік еткен "National Conservation Initiative" корпоративтік қоры мен "Назарбаев Университеті"ДБҰ тұрақты әрі қарай оқу

20 қазан 2021
АФ: Біздің Агротехнологиялық факультетінің еңбек десанты

Еріктілер біздің Агротехнологиялық факультетіміздің және жалпы ЖОО-ның белсенділері, оның басты зияткерлік және инновациялық капиталы болып табылады. әрі қарай оқу

20 қазан 2021
ТжӘИ: Үздік авторлық ертегі-2021

6b01702 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 – курс студенттері арасында "Үздік авторлық ертегі-2021" халықаралық қатысумен шығармашылық конк әрі қарай оқу

18 қазан 2021
ТЭҚФ: Сіз ғалым бола алмайсыз, бірақ сіз студент болуыңыз керек!

Kozybayev University Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде Тарих, экономика және құқық факультетінің "Қаржы және менеджмент" кафедрасының МЕ-19 оқу тобы 2 әрі қарай оқу

07 қазан 2021
АФ: Агротехнологиялық факультет Қазақстанның Құс өсірушілер одағына кірді

Агротехнологиялық факультет Қазақстанның Құс өсірушілер одағына кірді! Біздің еліміздің 100-ден астам ұйымы оның мүшелері болып табылады! Одақ жұмыртқ әрі қарай оқу

10 қазан 2021
ПФ: М.Қозыбаев атындағы СКУ-дың тарихи мұражайына саяхат

    2021 жылдың қыркүйек айының 27-і БМДББТӘ кафедрасының 1 курс студенттері эдвайзері Т.А.Аслямовамен бірге   М.Қозыбаев атындағы әрі қарай оқу

29 қыркүйек 2021
ТжӘИ: Поэзияға деген махаббат

              Поэзия дегеніміз не? Бұл сөздің музыкасы, метафора, эпитеттің нәзіктігі. Поэзияға деген сүйіспеншілі әрі қарай оқу

25 қыркүйек 2021
ТЭҚФ: "Журналистика" кафедрасында "Парасат" редакциясы" атты жаңа аудитория ашылды

Kozybayev University-де жаңа аудитория ашылды, онда "Журналистика" және "PR-журналистика" мамандықтарының студенттері кәсіби дағдыларын шыңдай алады. әрі қарай оқу

16 қыркүйек 2021
АФ: Жазғы мектеп-2021

2021 жылдың 26-31 тамызы аралығында "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары АМАТУ, АММӨИ, ЧМДШжСИ (Саха Республикасы (Я), РФ) жазғ әрі қарай оқу

11 қыркүйек 2021
Барлығын оқу

Автор үшін нұсқау

«М. Қозыбаев атындағы СҚУ Хабаршысы» журналына жариялау үшін қолжазбаны ресімдеуге авторлар нұсқаулығы

Хабаршыда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары, техникалық және педагогикалық ғылымдар саласындағы түпнұсқалық зерттеу нәтижелері және критикалық шолулар жарияланады.

Авторлар ғылыми нәтижелердің дұрыстығына және маңыздылығына, сондай-ақ, жұмыс мазмұнының ғылыми өзектілігіне жауапты. Плагиат жіберілмейді. Қабылданған мақалалардың түпнұсқалығы антиплагиат жүйесін пайдалана отырылып тексеріледі. Журналға мақаланы жариялау 70% кем емес түпнұсқадан өткен мақалар ғана рұқсат етіледі.

Мақалалардың басылым тілдері – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Бұрын жарияланған мақаланың қолжазбалары немесе басқа баспаға жіберілген мақалалар– қабылданбайды.

Мәтінді журналда жариялауға ұсына отырып, авторлар:

- жұмысты ұсына отырып, жұмыс толығымен түпнұсқа күйінде, егер басқа авторлардың жұмыстары пайдаланылған болса, тиісті библиографиялық сілтемелер көрсетуге куәландырады;

- жұмыс бұрын жарияланбаған;

- мақала басқа шығарылу редакциясында қарастырылмайды;

- жариялау барлық авторлармен немесе жұмыс жүргізілген жауапты органдармен мақұлданғандығына;

- егер жұмыс қабылданатын болса, басқа журналда ағылшын немесе кез келген басқа тілде сол нысанда жарияламауға, оның ішінде, электронды түрде авторлық құқық иесінің жазбаша келісімінсіз жарияламауға кепілдік береді.

Жариялауға ұсынылған материалдар физика, математика, механика, информатика, биолгоия, медицина, геология, химия, экология, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар және т.б. саладағы өзекті мәселелердің ғылыми зерттеулер қорытындыларын қамту және бұрын жарияланбаған, басқа басылымдарда жариялауға арналмаған болуы тиіс. Жариялауға толық аяқталған нақты, әрі қысқа ұсынылған ғылыми зерттеу жұмыстары қабылданады. Сондай-ақ, журналда жаңаша және ғылыми қоғамдастыққа  маңызды  сыни  пікірлер  әзірлемелері  жарияланады  (көлемі  2-3 бет). Сыни пікірлер бас редактордың немесе шығарылатын серияның жауапты хатшысының тапсырмасынан кейін қабылданады. Сыни пікір ұсынатын автор, алдымен бас редакторға немесе шығарылатын серияның жауапты хатышысына жүгінеді. Жариялауға мазмұны мен рәсімдеу бойынша жауап бермейтін мақалалар қабылданбайды және авторларға қайтарылмайды.

Ұсынылған мақалаларға тиісті бағыттағы редакция мүшесіне енбейтін екі тәуелсіз ғалымдардың пікірі жазылады. Рецензентті таңдаумен жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдау шығарылатын серияның редакция алқасы шығарады.

Мақала мәтініне келесілер кіреді:

- мақаланың тақырыбына қатысты, алғашқы ақпаратты беретін, Кіріспе; зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, өзектілігі мен жаңалығын сипаттайды;

- Зерттеу әдістері. Бұл бөлімде зерттеудің орындалу реттілігі сипатталады және пайдаланылған әдістерді таңдау негізделеді; эксперимент, байқау жүргізу үшін материалдар, құралдар, жабдықтар және басқа жағдайлар;

- зерттеудің нақты нәтижелерін (мәтін, кестелер, графиктар, диаграммалар, теңдеулер, фото суреттер, суреттер) білдіретін Зерттеу нәтижелері;

- зерттеудің алынған нәтижелерін түсіндіруді қамтитын Пікірталас, оның ішінде:

  • алынған нәтижелердің зерттеу гипотезасына сәйкестігі;
  • зерттеудің шектеулігі және оның нәтижелерін жалпылау;
  • тәжірибелік қолдану бойынша ұсыныстар;
  • болашақ зерттеулерді бағыттау бойынша ұсыныстар;

- мақала бөлімдерінің қысқаша қорытындыларын, оларда берілген тұжырымдамаларды қайталаусыз қамтитын, Қорытынды;

Әдебиет жатады.

Мақалалар техникалық талаптарына сай жасалынған электронды түрде (e-mail: vestnik_skgu@mail.ru) Ғылым департаменті, ҒӘжПЛБ-не тапсырылады (Қосымша 1).

Мақала мәтіні 5-10 бет көлемінде (қысқаша хабарламаларға 2-3 бет) Word редакторында, бір интервал, Times New Roman қарпімен басылуы тиіс. Беттің параметрлері: А4 форматында, жиегі барлық жағынан 2,5 см.

Мақала ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) индексінен басталады. Қою шрифтпен, 12 қарпімен, сол жақ тұста жазылады. Төменде сол жақ шеті бойынша 12 бт бас, қалың қаріптермен ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) орналасады. Бір жолдан кейін  ортасында, тасымалдаусыз, қызыл жолсыз, нүктесіз, 12 бт бас, қалың қаріптермен мақаланың атауы орналасады.

Келесі жолда – автордың аты-жөні кәдімгі қою қаріппен, 12 қаріп, беттің ортасында, тасымалдаусыз жазылады. Жаңа жолда жақшаның ішінде лауазымы, ғылыми, академиялық атағы, қызмет орны (университет, кафедра, қала) және автордың e-mail-і беттің ортасында 12 қарпімен, курсивпен жазылады.

Мақаланың аты, автордың аты-жөні, жұмыс орны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) көрсетіледі. Егер автордың мақаласы қазақ тілінде болса, онда алдымен мақаланың атауы қазақ тілінде, содан кейін басқа екі тілде орналастырылады. Егер мақала ағылшын тілінде болса – ұқсас жасалады.

Екі жолдан кейін беттің ортасынан Аңдатпа 10 қаріп, қою қаріппен жазылады, одан кейін ені бойынша шектеулі абзацпен 1 см жазылады. Аңдатпа бір-бірінің арасында 1 жол тастап 3 тілде жазылуы тиіс (қазақша, орысша, ағылшынша). Аңдатпада мақаланың мақсаты, міндеті, жұмыс әдістері мен нәтижелері және нәтиженің қолдану аймағы беріледі. Аңдатпа мазмұнды және ауқымды (120-200 сөз) тиіс.

Келесі жолда түйін сөздер көрсетіледі (6-8 сөзден кем емес).

Екі жолдан кейін мақаланың негізгі мәтіні 12 қарпімен, кәдімгі қаріппен, 1 см абзацпен жазылады. Әдебиет дерек көздеріне жасалатын сілтемелер тік жақшада беріліп, әдебиеттер тізім бойынша беріледі, мысалы: [1, 15-17 б].

Суреттер, фотосуреттер нақты сапалы болу керек. Барлық графикалық материалдар (графиктер, схемалар, диаграммалар) сурет ретінде топтастырылуы, ал формулалар тұтас объектілер түрінде болуы тиіс.

Екі жолдан кейін беттің ортасынан Әдебиет 10 қарпімен, қою қаріппен жазылады. Әдебиеттер тізімі кәдімгі қаріппен, 10 қаріп, 1 см абзацпен жазылады. Келесі үлгіде:

  1. Иванов А.А. Процессы протаивания грунта // Доклады НАН РК. – 2007. – № 1. – С. 16-19.
  2. Петров А.Ф. Теплообмен в дисперсных средах. – М.: Гостехиздат, 1994. – 444 с.
  3. Наурызбаев А.С. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Мат-лы междунар. научн. конф. «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10-17.

«М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы» тоқсанына бір рет төрт бағыт бойынша шығады: жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары, әлеуметтік – гуманитарлық ғылым, педагогикалық ғылым, техникалық ғылым. Қабылдау мерзімі, мақалаларды қарау және баспадан шыққандағы журнал нөмірі:

№1 – 15 ақпанға дейін мақалаларды Қабылдау мерзімі, 16-нан 28 ақпанына дейін редакция қарастырады, 30 наурызға дейін баспада шығуы;

№2 – 15 мамырға дейін мақалаларды Қабылдау мерзімі, 16-нан 30 мамырына дейін редакция қарастырады, 30 маусымға дейін баспада шығуы;

№3 – 15 тамызға дейін мақалаларды Қабылдау мерзімі, 16-нан 30 тамызына дейін редакция қарастырады, 30 қыркүйекке дейін баспада шығуы;

№4 – 15 қарашаға дейін мақалаларды Қабылдау мерзімі, 16-нан 28 ақпанына дейін редакция қарастырады, 30 қарашаға дейін баспада шығуы.

Жариялауға жоғарыда көрсетілген талаптардың мазмұны мен рәсімдеу бойынша жауап бермейтін мақалалар қабылданбайды және авторларға қайтарылмайды.

Мақала үлгісін жүктеу