Пікір беру тәртібі

 «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы» баспа журналында ғылыми мақалалардың қолжазбаларына пікір беру басылымдардың ғылыми-теориялық деңгейін қамтамасыз ету, ең бағалы және өзекті ғылыми жұмыстарды іріктеу, пікір беретін материалдарды  жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды енгізу мақсатында жүзеге асырылады.

Пікір беру принциптері

  1. «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы» журналында барлық жарияланымдарға пікір жазылады.
  2. Пікір берушілерді редакциялық алқа мүшелері таңдайды.
  3. Ұсынылған мақалалар редколлегия құрамына кірмейтін тиісті ғылыми бағыт бойынша кемінде екі тәуелсіз ғалымдармен пікір жазылады.
  4. Журналдарда пікір беруші ретінде ғылыми дәрежесі бар біліктілігі және зерттеу тәжірибесі бар мамандар болуы тиіс, бұл қолжазбаларға құзыретті бағалау мүмкіндігін береді.
  5. Мақалаларға пікір беру баспасаға  қабылданған ғылыми жарияланымдардың этика талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  6. Қайта пікір беру (ескертулерді жоюды бақылау) алғашқы пікір беруді жүргізген пікір беруші жүзеге асырады.
  7. Ғылыми мақалалар қолжазбаларына пікірлер журнал редакциясында кемінде 5 жыл сақталады және қадағалаушы органның талабы бойынша көрсетілуі мүмкін.

Пікір беру мерзімі

  1. Ғылыми материалдарға пікір беру күнтізбелік он күн ішінде жүреді.
  2. Сын-пікір берушілердің ескертулері бойынша мақалаларды қайта қарау, сондай-ақ қолжазбаларға қайта сараптау  бір айды құрауы мүмкін.

Материал бағалау ережесі

1. Мақаланы пікір беруші мынадай критерийлер бойынша  бағалайды:

- материалдың ғылыми деңгейі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, теориялық/тәжірибелік маңыздылығы, мәселе қою, қорытындыларды тұжырымдау мен қорытындылардың шынайлығы, көздерін таңдау);

- материалды мазмұндаудың деңгейі (оның мазмұнына мақаланың атауының сәйкес келуі, мақала мазмұнына аңдатпаның сәйкес келуі, оның мазмұны мақаланың мөлшерінің сәйкестігі, түйінді сөздерді мен сөз тіркестерін, логика, өзара байланыстылығын таңдау және материалды мазмұндалу сапасы).

2. Қажет болған жағдайда әрбір бағалау пікір берушінің кеңейтілген түсініктемелерімен жүреді.

3. Бағалау қорытындысы бойынша пікір беруші қойылатын талаптарға сай ғылыми материалға сәйкестігі туралы және оны қайта қарастыру немесе жариялау мүмкіндігі қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Жариялау туралы шешім

1. Пікір берушілердің қорытындылары негізінде редаколегия алқа мүшелері шешім қабылдайды:

- ғылыми мақалаларды жариялау туралы;

- пысықтауға мақаланы жолдау туралы;

- материалды қабылдамау туралы.

2. Қабылданған шешім авторға жазбаша нысанда жеткізіледі.

3. Авторға мақаланы пысықтауға жіберген жағдайда материалды пысықтау бойынша пікір көшірмесі және ұсыныстар беріледі.

4. Автор пікір берушінің жекелеген ұсыныстарымен келіспеуі мүмкін. Бұл жағдайда, ол үшін дәлелденген қарсылық ойын дайындауы мүмкін.

Пікір үлгісі